Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Нұрлан Ұранхаев қаза тапқан орманшылардың отбасыларына көңіл айтты

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаза тапқан орманшылардың отбасыларына көңіл айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қадірлі жерлестер!

«Семей орманы» резерватындағы өртті сөндіру кезінде «Успенское» орманшылығының 14 қызметкері қаза тапқандығы туралы қаралы хабарды қабырғамыз қайысып, зор күйзеліспен қабыл алдық.

Тілсіз жаумен алысып, туған халқының амандығы жолында жандарын қиған жерлестеріміздің ерлігі ешнәрсемен өлшенбейді.

Олар қызметтік міндетін адал атқарып, ерлікпен қаза тапты.
Қайтыс болғандардың отбасыларына, ағайын-туыстары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Президент тарсырмасы бойынша марқұмдардың отбасына барлық көмек пен қажетті жағдайлар жасайтын боламыз.

Зор күйзеліспен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button