Семей қаласындағы эвакуация пунктері жұмыс істеуде

Өткен түнде эвакуация пункттеріне тұрғындар орналастырылды. Семей қаласының әкімдігі адамдарды ыстық тамақпен және бірінші кезекте қажетті құралдармен қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұған дейін хабарланғандай, Семейде 10-ға жуық пункт ұйымдастырылған.
Абай облысындағы өрт аймағынан эвакуацияланған балалар бүгінгі бос уақыттарын тиімді өткізді. Олар биологиялық орталыққа барып түрлі хайуандарды көрді, киноға және балалар саябағында барды.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жүргізілген іс-шаралар балалардың өткен мазасыз күндерін жарқын эмоциялар мен позитивтілік алмастырды.
«Эвакуацияланған ауылдардың егде тұрғындары да жағымды эмоцияларға ие болды. Олар үшін эвакопунктте ыстық тамақ ұйымдастырылды, сондай-ақ монша қабылдау ұсынылды», – деп жазды ведомстводан.
Semeynews.kz