Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысының тұрғынынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді

Семейге қарасты Шаған ауылының тұрғынынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласы полиция басқармасы экстермизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 63 жастағы Шаған ауылының тұрғынын ұстады. Оның үйін кейінге қалдырмай тінту барысында заңсыз сақталған екі мылтық, үш жүзден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

Тексеру нәтижесінде тәркіленген оқ-дәрілер мен қару-жарақ марқұм әкесіне тиесілі екендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button