Абай облысыҚоғамТОП

Нұрлан Ұранхаев: Алдымызда Абай облысының барлық тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр

Абай облысында халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы жалпы құны 17 миллиард теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2024-2025
жылдары су құбыры желісінің 19 жобасын салу жоспарлануда.  Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев осындай мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9%-ды (қалаларда – 92,8% және АЕМ– 90,5%) құрайды. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы – 51 пайыз. Облыстың 610 мың тұрғынының 49 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген (35 ауылдық елді мекенде 23 мың адам және Семей қаласында 26,7 мың адам).

  • 2023 жылы 17 млрд теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, жоба жүзеге асқаннан кейін ауыз сумен қамтамасыз ету 93,1 пайызды құрайды. 13 қайта құру жобасы әзірленуде, оның ішінде Абай ауданында Архат, Кеңірбай, Құндызды, Медеу ауылдарында, Бесқарағай ауданында Кривинка, Малая Владимирвка, Башкөл, Канонерка, Бозтал ауылдары, Жарма ауданында Үшбиік ауылы, Көкпекті ауданында Ажа, Ақой ауылы, Үкілі Қыз, Үржар ауданында Таскескен, Науалы, Көктерек ауылдарында
    Абай ауданының Жарма ауданының Жаңғызтөбе, Қалбатау ауылдарында конкурстық рәсімдер өткізілуде, – деді Н.Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button