9-13 мамыр аралығында Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс еліміздің 14 қаласынан келген спортшылар қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Чемпионатта жеңісті Семей командасы жеңіп алып, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Қазақстан біріншілігінде қала намысын 17 спортшы қорғады, олар құрама қоржынына 24 медаль алып келді, оның ішінде – 13 алтын, 10 күміс және бір қола бар.
«Біздің команда 24 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. Негізінен біздің жүзушілер кроль мен брасс стилінде ерекшеленді. Сондай-ақ, біздің жүзуші баттерфляй стилінде қола медаль жеңіп алды. Әр түрлі қашықтықта төрт спортшымыз Қазақстан чемпионы атанды»,-дейді «Семей-Номад» командасының жаттықтырушысы Ернұр Қайров.
Semeynews.kz