Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамСемейТОП
Абай облысында ауыл тұрғындары үшін жаңа жоба басталады
Мамыр айының соңында елімізде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға арналған «Ауыл аманаты» атты жаңа жоба іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады. Ол айдың соңында басталады. Жоба шеңберінде ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% – пен шағын несиелер берілетін болады. Бұл бағытта бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді», – деді Айдын Кәрімов.
Жалпы, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 400-ден астам шағын несие беру жоспарланған.
Semeynews.kz