ШҚОТОП

ШҚО-да құтқарушылар ағаш басындағы бала мен мысықты құтқарды

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар ағаш басынан мысықты түсіріп алмақ болған баланы құтқарды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, құтқарушыларға ағаш басына шығып, түсе алмай тұрған баланың анасы хабарласқан. Мысық ағаш басына шығып өздігінен түсе алмаған. 14 жастағы бала мысықты құтқармақ болып ағаш басына шыққан.

«Ол ағашта, шамамен үйдің 3 қабаты деңгейінде болған кезде мысыққа жету мүмкін емес екенін түсінген. Ал өзі төмен қарай түсе алмаған. Сондықтан көмекке шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар балаға баспалдақ арқылы жетпек болған, бірақ баспалдақтың биіктігі жеткіліксіз болды, сондықтан ағаш арқылы көтерілуге тура келген»,-деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Мамандандырылған отрядтың құтқарушысы Шыңғыс Смағұлов ағаш басына оңай көтеріліп, балаға арнайы құтқару белбеуін кигізді және арқан көмегі арқылы баланы жерге түсірді. Мысықта құтқарылды.

ШҚО ТЖД ата-аналарға – балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Төтенше жағдайда шұғыл түрде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button