ШҚОТОП

ШҚО-да қар күтілуде

Шығыс Қазақстанда үсік жүруі күтілуде, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, 19 мамырда күндіз, 20 мамырда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамыр күні жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал, тұман болжанады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 19-20 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Түнде 21 мамырда кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

Семейде 19 мамырда күндіз найзағай күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button