МәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде Достоевский көрмесі ашылды

Семейде Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайында «Пейте чай, мой друг старинный…» онлайн-көрмесі өтті, деп хабарлайды Semey News.

 

Көрме «Мұражайдағы түн» акциясы шеңберінде ашылды. Көрмеге барлығы 200-ден астам жәдігерлер қойылды. Олардың барлығы шай ішумен және самауырмен байланысты. Шай қораптары, фарфор ыдыстар және «Муха-Цокотуха» және «Алиса ғажайыптар елінде» ертегілері бейнеленген белгішелерде бар.

«Федор Михайлович шай ішкенді қатты ұнататын. Шай оның сүйікті сусыны болды. Самауыр үнемі үстелде тұратын. Достоевский шай қайнату ісін ешкімге сеніп тапсырмаған, шайды үнемі өзі қайнататын. Бізде тіпті Достоевский әдісі бойынша шай қайнату нұсқаулығы бар. Онда шайдың түсі қандай болу керек және қанша қасық қант салу керек екені көрсетілген», – деп әңгімеледі экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру секторының меңгерушісі Владимира Соловьева.

Мұражайда ұлы орыс жазушысының шай қайнатуы туралы тұтас нұсқаулық жазылған Достоевскийдің жұбайының естеліктері сақталған.

                               

Көрмеге 50-ден астам самауыр ұсынылды. Олардың басым бөлігі татар өнер мектебінен әкелінген. Сонымен бірге мұражай қорында өзіндік самауырлардың бай қор бар.

«Көрмеге қойылған ескі самауырлар ХІХ ғасырға жатады. Сондай-ақ медальдармен танымал болған самауырларда бар. Бізде боялған самауырларда бар, оны бізге жергілікті қолөнер шебері Елена Го-Сун-Чи сыйлады. Шыныаяқ ұстағыштар мен шамдарда көрмеге қойылды. Сонымен қатар, көрмеде самауыр бөліктерінен жасалған шамды көруге болады»,-деп атап өтті В.Соловьева.

Айта кетейік, көрме жаз бойы ашық болады.

Semey News.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button