Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өз мәресіне жетті

Бүгін Семей қаласы облыс орталығы мәртебесінде алғаш рет 7 мамыр- Отан қорғаушылар күнін атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты шара Орталық алаңда 11:00-де басталып, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерт облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында аймақ басшысы бірқатар әскери қызметшілерді алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ әскери қызметшілердің қатысуымен салтанатты марш өтті. Эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова, театр және облыстық филармония, қалалық мәдениет сарайының әртістері, музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, түстен кейін мерекеге орай қалалық Мәдениет сарайында Атырау облысы әкімдігінің Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі мен филармония әртістерінің концерті өтті.

Күндізгі іс-шараның жалғасы орталық алаңдағы қазақ эстрада жұлдызы Жанар Дугалованың қатысумен өткен мерекелік концертпен жалғасты. Сондай-ақ, жергілікті мәдениет саласының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шара отшашумен аяқталды.

Үш бөлімнен тұратын салтанатты шараны қала тұрғынларымен бірге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та бірге тамашалады. Күні бойы жалғасқан мерекелік шараны 8000-нан астам көрермендер тамашалады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button