ҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтеріне зәкірлі стратегиялық жобалар дайындау тапсырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмоновтың Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзі кезінде екі ел үкіметтеріне Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтеріне зәкірлі стратегиялық жобаны дайындау тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен сіздің сапарыңызға үлкен мән беріп отырмын. Жаңа ғана бұл сапарды тарихи деп сипаттадық. Осы сапар мемлекеттеріміз арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді, одақтастық өзара байланыс туралы декларацияға қол қойылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент одақтастық қатынастар жаңа стратегиялық жобаларға жол ашатынын атап өтті.

«Сондықтан алдымызда үлкен жұмыс тұр. Өйткені одақтастық қатынастар жаңа стратегиялық жобаларды көздейді. Біз жаңа ғана екі-үш зәкірлі стратегиялық жобаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметтерге осы мақсаттарды іске асыруды тапсырдық. Жақын арада екіжақты ынтымақтастықтың жаңа белесіне шығамыз деп топшылаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Ал 3 мамырда Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button