Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысында биылғы жылы су құбыры желілерін тарту бойынша 33 жоба жүзеге асырылада

Жыл соңына дейін Семей қаласының бірнеше ауылдары мен көшелерінде су құбырлары, сондай-ақ ауылдық жерлерде 17 су құбыры нысаны іске қосылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысында орталықтандырылған сумен қамту 91,9 пайызды құрайды. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Құралай Дүйсенбаева айтты. Бұл ретте облыстағы 327 елді мекеннің 35-інде орталықтандырылған су құбыры жоқ, берілген 292 елді мекеннің 154-інде орталықтандырылған су құбыры, 138-інде жергілікті су құбыры бар.

– 2025 жылға қарай облыс тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді 100 пайызға жеткізу үшін 52 жаңа құрылыс нысанын іске асыру қажет, – деді Құралай Дүйсенбаева. – 2023 жылы 54 жобаны (33 құрылыс және 21 қайта құру) жүзеге асыру жоспарлануда, оған республикалық бюджеттен 16,5 млрд теңгеге қолдау көрсетілді.

2023 жылы Березовский, Лодочный, Мұрат, Половинки кенттерінде, Алматинская көшесінде су құбырының құрылысы аяқталады.

2024-2025 жылдары – Бобровка, Восход, Водный, Соқырлар қоғамы, Қызыл Кордон және басқа да аудандарда су құбыры желілерін салу бойынша 32 жоба жүзеге асырылатын болады.

Ал 52 көше сумен қамтылмаған – Шымкент, Теміржолшылар ауылы, Дачная 1-12 және тағы басқалары. Тұрғындарды 100 пайыз сумен қамтамасыз ету мақсатында оларға да су құбыры желілерін салу жобалары әзірленетін болады.

Тағы бір міндет – су құбыры желілерін жөндеу. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 51,0 пайызды құрайды, оның ішінде Семейде 66%, Аягөз қаласында 65%, Курчатов қаласында 85% су құбырлары тозған.

2023 жылы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту бойынша 21 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ облыста су тарту желілерінің тозу пайызы жоғары. Мәселен, Аягөз қаласында кәріздік тазарту құрылыстары мүлдем жоқ.

Тозуды азайту, сондай-ақ кәріз желілерінің ең апатты учаскелерін ауыстыру үшін 2025-2026 жылдарға арналған қайта құру жоспары жасалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button