Абай обысының Бородулиха ауданында көктемгі дала жұмыстары басталды
Қолайлы ауа-райы көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде бастауға мүмкіндік берді. Ауданда қажетті техника жеткілікті, жеңілдетілген дизель отыны да бөлінген. Ылғалды жабу, күздік және көпжылдық шөптерді тырмалау жұмыстары уақтылы жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, аудан әкімдіктері ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылға жоспарланған егіс көлемі 335 мың гектарды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,8 мың гектарға артық.
Көктемгі егіс 305,6 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 151,2 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарды егу жоспарлануда. 149,5 мың гектарға майлы дақылдар, 5,4 мың гектар алқапқа мал азықтық дақылдар егу жоспарланған.
- Облыста көктемгі егіс жұмыстарының барлық кешенін жүргізу үшін қажетті тракторлар, топырақ өңдейтін және егіс техникалары бар, – дейді Бородулиха аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Маратбек Нұркешев.
Бұл жұмыс түрлерін жүргізу үшін 1250 бірлік шынжыр табанды және доңғалақты көлік, 2524 бірлік агрегат жұмылдырылады. Дайындық бүгінгі таңда 90-93 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес жыл сайынғы ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілерін техникалық қарау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс шаруаларына да жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Қөктемгі егіс науқанына бөлінген көлем 8590 тоннаны құрайды.
Сонымен қатар ақпан айының басында ауыл шаруашылығы құрылымдарынан техниканы субсидиялауға, сәуір айының басында gosagro.kz жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тұқымдарға өтінімдерді қабылдау басталды. «Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» шаруаларға субсидия алуға өтініш берген кезде балама ретінде әзірленді.
Semeynews.kz