Абай облысыҚазақстанҚоғамСемейТОП

Президенттің төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінде Абай облысының әкімі өңірдің дамуы туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуы туралы баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстын әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 104,9 % құрады.

Ең үлкен өсім жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде 120 % астам (120,4%), өнеркәсіп өнімі (109,7%) және құрылыста (108,8%) 109, өңдеу өнеркәсібінде 106 % тіркелді.

Өндірістік белсенділік әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсер етті.

340 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беру арқылы 3 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстын әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілді.

Семей қаласының тарихи, мәдени және жаңа әкімшілік мәртебесін, сондай ақ өңірдегі халықтың шамамен 60 пайызы қалалық жерлерде тұратындығын ескере отырып, облыс орталығының дамуы аса назарда.

Семей қаласының бюджеті былтырғы жылдан шамамен 50%-ға артты.

Сіздің, облысымызға сапарыңыз барысында берген тапсырмаларыңызды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Көлік дәліздерін кеңейту үшін 2024-2025 жылдары ұзындығы 270 км «Бақты-Аягөз» темір жолының құрылысы жоспарланған.

Халықты 100 процент таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы         54 жобаны іске асыру жоспарланған. 2024-2025 жылдары су құбыры желілерінің 19 жобасын салу жоспарлануда.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2025 жылға дейін облыс бойынша 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы жоспарланған, оның ішінде ағымдағы жылы 57 нысанның құрылысын бастау жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button