Абай облысының азаматтары өз еркімен 42 бірлік қару тапсырды

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияны өткізудің 7 күнінде Абай облысының азаматтары өз еркімен 42 бірлік қару тапсырды, оның ішінде 7 мылтық, 35 тегіс ұңғылы барлығы 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.
Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру қағидаларына сәйкес атыс қаруының барлық түрлері, оқ-дәрілер, сондай-ақ жарылғыш заттар сатып алуға жатады.
Төлемдер сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін немесе ақшалай баламада басталады, бұл 34 500 теңгеден 345 000 теңгеге дейін.
Сондай-ақ, Полиция департаменті “заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам” әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
Semeynews.kz
