


ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, іс-шара барысында Ертіс өзенінің акваториясы бойынша Өскемен қ.-Глубокое к. – Донское а. – Барашки а. – Зевакино а. – Шүлбі су қоймасы бағыты бойынша «Марс-700» кемесін қолданумен рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда.
– Рейд жүргізу барысында жүзу құралдары, заңсыз балық аулау, аң аулау үшін оларды пайдалану мен анықтау мақсатында, құқық бұзушылық жасауға қатысу нысанына тексерілді.
Іс-шараны өткізу барысында 4 мамыр күні түнгі уақытта Қарсақбай ауылы маңында Зайсан көлінің жағасында Ақмектеп ауылының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жүрген резеңке қайықта тиісті құжаттары жоқ 5 қап түрлі балық болған.
Тәртіп сақшылары 51 кг көксерке, 4 кг шортан, 64 кг табан және 17 кг алабұға балықтарын тәркіледі. Жалпы сомасы 300 000 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335 – бабы 3-бөлігі 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 239 осындай рейд жүргізілді, оның барысында 235 құқық бұзушылық анықталды, 1400 келіден астам балық тәркіленді, келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 700 000 теңгені құрады. Ведомстволық бағыныстылығы бойынша шаралар қабылдау үшін 4 материал аумақтық балық инспекциясына берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Semey News.