ДенсаулықҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстанның 12 өңірінде оңалту орталықтары салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін еліміздің 12 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы, Астана, Шымкент қалалары) әрқайсысы 150 орындық ірі оңалту орталықтарын салу жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған орталықтар оңалту кезеңінде мүгедектігі бар азаматтарды тәулік бойы қабылдайтын болады. Жыл сайын жаңа заманауи орталықтарда өз денсаулығын мүгедектігі бар 1 500–1 800 адам жақсарта алады деп күтілуде.

 

  •  Оңалту орталықтарын салу өңірлер, оның ішінде шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтер алуына жағдай жасайды. Мүгедектігі бар мыңдаған адам денсаулығын нығайтып, жағдайын жақсарта алады. Сондықтан бұл жобаларды іске асыру жергілікті және орталық органдар өкілдерінің ерекше бақылауында болуы тиіс, — деді Алтай Көлгінов.

Ең алғашқы оңалту орталығы осы жылдың басында Абай облысы Семей қаласында салынып, пайдалануға берілді. Жақын арада әлеуметтік мекемені күтіп-ұстауға бюджеттік өтінім жергілікті мәслихаттың қарауына жіберілетін болады. Кентау, Тараз және Ақтөбе қалаларында тағы үш оңалту орталығын биыл, Батыс Қазақстан облысында келесі жылы, ал Ақмола және Атырау қалаларында 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button