Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде төрт бала көміртегі тотығымен уланған

Семейде төрт бала көміртегі тотығымен уланды, екі бала ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 8 наурызында 23 сағат 07 минутта Семей қаласының “101” пультіне жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан (түтін мұржасының тартылмауы) жеңіл дәрежелі көміртегі тотығымен уланғаны анықталды, 4 және 5 жастағы балалар дәрігерлер тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді”, – деп хабарлады ТЖ Департаменті.

Сондай-ақ, орта дәрежелі көміртегі тотығымен улануды 11 және 7 жастағы балалар алды, дәрігерлер тексергеннен кейін олар Семей қаласының бүйрек орталығы мекемесінің токсикология бөлімшесіне жатқызылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button