Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде Би Боранбай көшесіндегі апатты жою жұмыстары жалғасуда

Семейде Би Боранбай көшесіндегі апатты жою жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін, 4 наурыздағы жағдай бойынша Би Боранбай көшесінде 6800 текше метр су сорылды. Үйлер мен аулаларды су баспады. Қалпына келтіру жұмыстарын “Семей Водоканал” МКК күштері жүргізуде (12 адам, 8 бірліктегі техника және 1 мотопомпа).

Еске сала кетейік, 3 наурызда қардың қарқынды еруі және ұзақ жаңбыр түріндегі қолайсыз ауа-райына байланысты коллекторлардағы су көлемі көбейіп, жүктеме артты. Нәтижесінде кәріз коллекторында апаттық жағдай орын алып, “Цементник” стадионы ауданы, Би-Боранбай көшесінде су басқан болатын.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай қала басшысының жеке бақылауында. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button