
Жол көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ресейдің Алтай аймағының Рубцовский ауданында Семейге келе жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты.
«2 наурыз күні Рубцовский ауданындағы А-322 тас жолында Новосібір-Семей бағытындағы жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы автобус жолаушылары», – делінген агенттік хабарламасында.
Semeynews.kz