Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының Жарма ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Аршалы ауылындағы «Жарқын» шаруа қожалығының басшысы Жарқын Игембаев  2013 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 миллион теңге несие алып, ірі қара өсіруді қолға алған. Мал басы көбейе бастаған соң былтыр мал бордақылайтын алаң ашып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 15 жылға несие алып, Бурятиядан 73 бас қазақтың ақбас сиыры тұқымын сатып әкелген. Жеке отбасылық шаруашылықты бес ағайынды бірлесе жүргізіп отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қожалықтың 200 гектар егіс алқабында өскен арпа дақылы, күзде жиналып алынған шөп малдың азығына еркін жетерліктей. Мал азығы түрлерін молайта түсу мақсатында қожалық алдағы көктемде  күнбағыс дақылын екпек. Жас бұзаулар жарты жылға дейін бордақыланса, ересек малдар екі-үш айға дейін бағып, күтіледі.

Кәсіпкер жұмысты жеңілдету үшін болашақта малдың жемшөбін,суын беру жұмыстарын автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button