Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде құс шаруашылығы қалай дамуда

Қала әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев қаладағы құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарға барды. Жұмыс сапарына барған кездегі басты мәселе – құс шаруашылығының жай-күйімен танысу, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Семей қаласында құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Біздің қаламыздағы екі құс фабрикасы өткен жылы 21,9 мың тонна өнім өндірді, бұл жылына өндірілетін барлық мяса 65,6% құрады. Әрине, сіздер халықты жұмыспен қамтып отырсыздар. Бұл экономикаға да оң әсер етеді”, – деді қала әкімінің орынбасары.

2022 жылы қаланың барлық шаруашылық субъектілері 33,4 мың тонна ет өнімін өндірді, өсім өткен жылмен салыстырғанда 20% – құрады.

Семей қаласында өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны шамамен 30 мың адамды құрайды, бұл салада 57 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button