Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП
Абай облысында “Табысты отбасы” пилоттық әлеуметтік жобасының екінші кезеңі іске асырылуда
Жобаның екінші кезеңі бойынша бүгінде 41 қатысушы тігін ісі, автоэлектрик, кондитерлік өнімдер, әлеуметтік медиа менеджері және beauty саласы сияқты 5 бейіндік бағыт бойынша оқудан өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның алғашқы 27 түлегі жақында өз істерін дамыту үшін қажетті құрал-жабдықты тегін алады.
Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін, жалғыз басты ата- аналарды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.
Жобаны іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.
Semeynews.kz