Құтқарушылар 22 адамды эвакцуациялады, олардың 12-і бала, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 қаңтарында сағат 22:39-да “112” пультіне Өскемен – Алматы тас жолында 25 км Аягөзге жетпей “Газель” маркалы автокөлік сынғаны, ішінде 19 спортшы бар туралы хабарлама түсті. Оларды эвакуациялау қажет болды.
Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 1 “ВАХТА” өтімділігі жоғары техникамен жеке құрамның 4 адамы дереу шықты. Аягөз қаласының №13 ӨСБ қызметкерлері келген соң жалпы саны 22 адам (оның ішінде 12 бала) 1 Газель мен 3 жеңіл автокөлікті эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар адамдарды Аягөз қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне орналастырды.
Semeynews.kz