Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Абай облысында жол көлік оқиғасынан үш адам мерт болды

Абай облысында Таскескен-Бақты тас жолында жол көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 29 жастағы Toyota Carina E көлігінің жүргізушісі Таскесен-Бахты тас жолымен келе жатып, рульді басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.
Semeynews.kz