
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, өрт бүгін сағат 17.00 шамасында демалыс базасында шықты. Жалын көз ілеспес жылдамдықпен 8 үйге, дәмхана мен моншаның шатырына жайылған.
Алдын ала мәліметке сәйкес өрттің аумағы шамамен 409 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Semey News.



