ҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да мұзастына батып кеткен әйелдің денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында сүңгуірлер мұз астына түсіп кеткен әйелдің денесін тапты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«8 желтоқсанда түскі уақытта әйелдің денесі табылды. Барлығы 9 рет су астына түсу жұмыстары жүргізілді. Судың тереңдігі – шамамен 20 метр. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған, – делінген ақпаратта.

Сүңгуірлерге марқұмның денесін жылдам табуға ауаның төмен температурасы мен су астындағы қараңғылық қиындық келтірген.

Еске салсақ, 6 желтоқсан күні сағат 19:44 кезінде Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 5 адам отырған көлік мұз астына құлаған. Төртеуі көліктен шығып үлгеріп, 1950 жылғы әйел адам суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button