Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Бородулиха ауданында жаңа ауылдық медициналық пунк ашылды

Абай облысының Бородулиха ауданы Уба-Форпост ауылында жаңа медициналық пункт ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жергілікті меценат Николай Ровчак өз қаражатына ғимаратты жөндеп, қажетті жиһаз сатып алып, су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізіп, медициналық пунктті пайдалануға берді. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына аудан әкімі қатысты.

Уба-Форпост ауылы аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардың бірі, онда қазіргі уақытта 130-дан астам тұрғын тұрады.

Жаңадан ашылған медициналық пунктте процедура кабинеті, ем-шара бөлмесі және басқа кабинеттер бар, олардың барлығы қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button