Абай облысында жыл басынан бері 1 300-ден астам ерекше бала оңалтудан өтті

Абай облысында жыл басынан бері Семей қаласы бойынша 1 300 ден астам ерекше бала ерте араласу орталығында және Қамқорлық оңалту орталығында оңалтудан өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта ата-аналардың сүйемелдеуімен Семейден ғана емес, облыстың жақын маңдағы аудандарынан да 120 бала оңалтудан өтуде.
Мұнда инновациялық технологияларға негізделген сапалы және тиімді кешенді оңалтуды алу үшін жағдайлар жасалған. Балалар мен ата-аналар емдеу рәсімдеріне, түзету сабақтарына, ойын және бос уақытты оңалтуға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген.
Орталықтың жұмысын БЦП диагнозы қойылған екі жасар Нұрхан Талғаттың анасы атап өтті. Бала қазір екі жарым жаста. Олар Үржар ауданынан келді. 10 ай ішінде анасы мен баласы екінші рет ерте араласу орталығында ем алады.
Нұрханның анасы ерекше балалар мен олардың отбасыларына шынайы қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтып, ұлын оңалту нәтижелерімен бөлісті. Енді бала пассивті жатпайды, басын ұстап тұруға тырысады.
Айта кетейік, орталық жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 1 200 және одан да көп баланы тегін қабылдауға дайын.
“Орталық неврологиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық патологиясы бар және түрлі жарақаттардан кейінгі балаларға оңалту көмегін көрсетеді. Балалар көбірек қозғала бастайды, олардың психологиялық денсаулығы, әлеуметтік бейімделуі жақсарады”,-деп атап өтті балаларды оңалту орталығының және Семей қаласының ерте араласу орталығының басшысы Жанар Қабденова.
Ағымдағы жылдың 11 айында Абай облысында 1 300-ден астам бала медициналық оңалту курстарынан өтті. Осы мақсаттарға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан шамамен 160 млн теңге бөлінді.
Semeynews.kz