ШҚОТОП

ШҚО-да діни сауаттылық жобалары жүргізілуде

“Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап “Салауат” қоғамдық бірлестігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жобасын іске асырды.

Жоба барысында аудан тұрғындарымен, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың өкілдерімен кездесулер жоспарланып, ұйымдастырылды.

Іс – шаралардың негізгі мақсаты-зайырлылық қағидатын түсіндіру, радикалды діни идеялардың таралуына қарсы іс-қимыл жасау және халықтың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру.

Жалпы, жобаны іске асыру барысында қолданыстағы заңнама нормалары негізінде мемлекет институттарының түрлі діни конфессиялармен өзара іс-қимылы туралы материалдар айтылды, Қазақстанда ұлтаралық бірлік пен келісімді сақтаудағы дәстүрлердің оң рөлі атап өтілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button