Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейліктерден арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеу сұралды

Семей әкімдігі қала тұрғындарына жүгінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі атап өткендей, қалалық басшылыққа қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығармау туралы шағымдар жиі түседі.

“Қазіргі уақытта Семей қаласының әкімдігі аумақты және аула кеңістігін санитарлық тазарту мәселелерін шешу үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Қоқысты шығару проблемалары тұрақты бақылауда”, – деп атап өтті әкімдік.

Алайда, баспасөз қызметі қосқандай, коммуналдық қызметкерлер дұрыс тұраққа қойылмаған көліктерге байланысты арнайы техникалар қоқыстарды шығару үшін қоқыс жәшіктеріне жете алмайтыны жиі кездеседі.

“Құрметті қала тұрғындары, Сіздерден көлікті жолға қалдырмауларыңызды және арнайы техниканың өтуіне кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз!”,- деп қорытындылады әкімдікте.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button