Семейден еліміздің ірі қалалары ұшақтар жиі ұшатын болады

Алдағы жылдан бастап Абай облысының әкімшілік орталығы – Семей қаласынан әуе рейстерінің жиілігін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың FlyArystan компаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннспен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар жолаушылар ағыны мәселелерін, өңірдегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, қазіргі рейстер Астана мен Алматыдан келетін адамдар үшін жеткіліксіз. Сондықтан, Абай облысының әкімшілік орталығы мен Қазақстанның ірі қалалары мен астанасы арасында әуе қатынасының жиілігін жолға қоюдың шұғыл қажеттілігі бар.
FlyArystan басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс атап өткендей, 2022 жылы авиакомпания Семей қаласынан Шымкент қаласына қосымша авиамаршрутты ашты. Авиакомпания осы өңірдегі жолаушылар ағынын ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыратын болады.
Сондай-ақ, жақын арада Семей әуежайында өзін-өзі тіркеу сөрелері пайда болатыны белгілі болды. Олар кезексіз және қосымша ресурстарсыз ұшу үшін құжаттарды рәсімдеуге, жүкті өлшеуге және қажет болған жағдайда оны банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы Семей қаласында FlyArystan компаниясының тасымалданған жолаушылар саны ұшуға 97 000 – ға және ұшып келу 95 000-ға жетті.
Semeynews.kz



