Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейдің 343-кварталында жаңа саябақ пайда болады

Семейде Бегалин көшесінде жаңа, заманауи саябақ пайда болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

“Қаланың оң жағалауындағы бөлігінде М.Бегалин көшесінің Челюскинцев көшесінен Н.Силин көшесіне дейінгі бөлігінде халықтың демалуы мен бос уақытын өткізу үшін саябақ аймағын құру жоспарлануда”. – делінген хабарламада.

Ауданы 0,2 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұнда балалар ойын алаңдары орнатылып, жарықтандырылып, ағаштар отырғызылады.

Бұл аймақ бұрын ағаш кесінділерімен қоқысқа толы болған. Жұмыс қараша айының соңында аяқталады деп жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button