Абай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ алғашқы күнінде 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 9-11 қарашасы аралығында Абай облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шара басталғалы Абай облысы Полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару режиміне ауыстырылды.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын талдау негізінде полицейлер кезекші нарядтарды неғұрлым криминогендік орындарға қоюды қамтамасыз етті.
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Абай облысының тәртіп сақшылары 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде 136 спирттік ішімдіктерді ішу фактісін, 77 ұсақ бұзақылық фактісін анықтады.
Сондай-ақ, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІО профилактикалық есебінде тұрған 400-ден астам есептік тұлға, қысқа мерзімді жалға тапсырылатын 90-нан астам пәтер тексерілді. Патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде автокөлік құралдарын басқарудың 16 фактісін анықтады.
Рейдтік іс-шара барысында полицейлер саяжайлар, демалыс орындарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді азаматтардың еңбектерін пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау және басқа да құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін тексеруді жүзеге асырады.
Аталған жұмыстар криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға ықпал етеді.
Semeynews.kz