Семейде I.T.F. таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Салтанатты ашылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спорттық іс-шараға еліміздің әр өңірінен 700-ге жуық спортшы қатысуда.
Бірінші күні Абай облысының спортшылары ересектер арасында 5 алтын, жасөспірімдер мен қыздар арасында 6 алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, халықаралық турнир қатар өткізілуде. Татамиде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия спортшылары өнер көрсетуде.
Semeynews.kz