Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП
Семейде қайырымдылық акциясы аясында 60 отбасы көмек алды
Қаланың көп балалы және аз қамтылған отбасылары Республика күнін мерекелеуге орайластырылған “Жаңашыр жүрек” акциясы аясында көмек алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Азық-түлікті жеткізуге көмек мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, сондай-ақ осы уақыт кезеңінде қиындықтарға тап болған басқа да азаматтарға көрсетілді.
Акцияға Семей қаласы әкімі аппаратының бөлімдері, сондай-ақ жергілікті жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы, қаланың 60 отбасына көмек көрсетілді.
Semeynews.kz