Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысы: Көкжайық ауылында су құбыры іске қосылды

2022 жылғы 22 қазан күні Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында Республика күніне орай су құбыры іске қосылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көкжайық ауылындағы су құбыры желісінің салтанатты іске қосылу шарасына аудан әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы қатысты. Шара барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын келе жатқан ұлттық мейрам Республика күнімен және су құбырының іске қосылуымен құттықтады.

Көкпекті ауданының Көкжайық ауылында бүгінгі күні 296 аула және 1079 адам тұрады. Бұрын соңды Көкжайық ауылының тұрғындары таза ауыз суды жеке өздері қаздырған үй құдықтарынан алатын. 2019 жылы “Көкпекті ауданы Көкжайық ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы” жобалық-сметалық құжаттама “Градопроект” ЖШС-і мен 1 322,7 млн.теңгеге әзірленді. Шарттар бойынша жобаның жалпы құны 1 172,252 млн.теңгені құрайды. Бас мердігер “Қуандық и К” ЖШС-і 1128,3 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Авторлық қадағалау “Градопроект” ЖШС-і. Жоба 2019 жылы басталып бүгінгі күні іске қосылды.

Тағы да бір айта кететін жайт, ол жоба бойынша мердігерлер су құбыры желісін әр үйдің қақпасына дейін тартып әкелуі тиіс, алайда мердігер компания тұрғындарға қолдау көрсетіп барлық үйлерге суды өз қаражатына кіргізіп берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button