
Семейде «Даму» қоры, Абай облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Банк Центр Кредит» АҚ филиалының қатысуымен ірі, орта және шағын бизнес өкілдерімен семинар өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шараға Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары қатысты.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау мәселелері және техникалық мамандық бойынша кадрлар дайындау қажеттілігі талқыланды.
Көлік-логистикалық хаб құра отырып, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы ұсыныстар енгізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов «УК ЮНИС» ЖШС-де болды. 28 жылдан астам тарихы бар шұлық-трикотаж фабрикасы 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді және бүгінгі таңда шұлық және трикотаж бұйымдарын шығаратын кәсіпорын болып табылады.
Semeynews.kz