Абай облысыҚазақстанҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысының садақшылары – ҚР чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды

Жаңаөзенде дәстүрлі садақ атудан ҚР Бірінші Чемпионаты аяқталды,   – деп хабарлайды Semeynews.kz.

13-17 қазанда аралығында өткен садақшылар жарысында Абай облысының спортшылары командалық есепте екінші орынға шықты.

Абай облысы құрамасының бас бапкері  – Дулат Ксатайдың басшылығымен өңірдің намысын келесі спортшылар қорғады – Әшіл Бауыржан, Әміренов Ерасыл, Усабаев Асқарбек, Дүйсенғазы Іңкәр.

Біздің ең жас спортшымыз, 8 жасар Әшіл Бауыржан ерекше көзге түсті. Ол “Ең үздік костюм” номинациясында марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button