Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде Шығыс кентіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталу алдында

Семейде Өскемен көшесіндегі, Чайжунусов көшесінен 6-Линия көшесіне дейінгі жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталу алдында, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жолдардың жалпы ұзындығы  – 2,8 шақырым. Жүріс бөлігін және айналма автожолды асфальттау бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ автобус аялдамаларының қалташалары, тротуарлары, су өткізу құрылыстары жабдықталды. Жол жолақтары сызылды.

Жақын арада көше шамдарын орнату және жаяу жүргіншілер қоршауларын орнату жоспарлануда.

Автокөлік қозғалыстары үшін аталған көшелер ашық.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button