Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде жақын орналасқан екі монша өртенді
Семейде монша өртеніп, көрші тұрған нысандарға шарпыған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қазанда сағат 15:37-де кезекшісінің пультіне Семей қаласы Марсеков көшесі, 27 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
“Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келгенде, 20 шаршы метр аумақта шаруашылық құрылыстары, 12 шаршы метр аумағында моншаның шатыры, сондай-ақ 12 шаршы метр аумақтағы көрші моншаның шатыры және жалпы қоршауы өртке оранған. Сағат 16:31-де тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өрттің алдын-ала шығу себебі – өртті абайсыз пайдалану”, – делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz