Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде мас жүргізуші ЖКО жасады

Семейде мас күйінде рөлге отырған жүргізуші жол көлік оқиғасына түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 10 қазанда сағат 16:00 шамасында № 29 орта мектеп жанында орын алған.

“41 жастағы жүргізуші “Toyota CORONA” көлік құралын мас күйінде басқарып, Құтжанов көшесі “TOYOTA RAV 4” көлігімен соқтығысқан.  Соқтығу салдарынан инерциясымен № 29 орта мектептің қоршауына кіріп кеткен.  ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.

“TOYOTA CORONA” көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, аталған бап санкциясы жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Фото: oo_osa_semey_vko

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button