Абай облысыШҚОҚоғамОқиғаТОП

ШҚО-да ЖКО салдарынан төрт адам мерт болды

Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасында төрт адам оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде сағат 20:20 шамасында «Үлкен-Нарын-Күршім» (2/133 км) автожолымен келе жатқан «Toyota 4Runner» маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Күршім ауданында жолдың көріну жағдайын ескермей қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, жол жиегіне шығып кетіп, көліктің кюветке аударылуына жол берген.

Жол – көлік оқиғасы нәтижесінде ауыр дене жарақаттары салдарынан төрт жолаушы ( 1963 жылы туған, 1969 жылы туған, 1979 жылы туған,1992 жылы туған ер адамдар) оқиға орнында қайтыс болған, көлік жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 – бабы 4-бөлігі» (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button