Абай облысыҚоғамСемейТОП

1 қазаннан бастап Семейде “Сергек” жүйесі іске қосылады

Абай облыстық полиция департаменті ағымдағы жылдың 01 қазанынан бастап Семей қаласының аумағында “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылатынын еске салады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені-бұл жолдардың қиылыстарында және желілік учаскелерінде, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылауды жүргізетін адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан интеллектуалды бейнебақылау жүйесі. Сонымен қатар, жүйемен сауда үйлерінен, бизнес-орталықтардан және басқа да қоғамдық орындардан бейнебақылау біріктірілген.

“Сергек” АӨК орнатудың негізгі мақсаты қылмыстардың жолын кесу және ашу, қоғамдық орындарда және жеке меншік объектілерінде халықтың қауіпсіздігі мен қорғалу деңгейін арттыру, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қолдану болып табылады.

Қазіргі уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға арналған (мемлекеттік тіркеу белгілерін тану, жылдамдық режимін бұзушылықтарды бейне және фотофиксациялау, бағдаршам сигналына тыйым салатын белгілеу талаптарын сақтамау) 114 кешен (реттелетін жол қиылыстары – 40, желілік учаскелер – 74) орнатылды.

Құрметті азаматтар! Полиция департаменті заңдылықты қатаң сақтауды, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button