Абай облысының әкімі қазақ күресі және тоғызқұмалақтан әлем Кубогінде топ жарған спортшыларды марапаттады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазақ күресі және тоғызқұмалақтан әлем Кубогінде топ жарған спортшыларды марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен өткен әлем Кубогінде полиция қызметкері, полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақса, тағы бір балуан, Әсет Ахметжанов 90 келі салмақта жеңімпаз атанды.
Осы Кубогте тоғызқұмалақтан 19 жасар қыздар арасында 15 жасар Аяна Исахан блицта жеңімпаз атанса, рапидте 3 орынға ие болды.
«Күні кеше біз жеңіспен оралған футболшыларымызды марапаттап едік. Бүгін, міне, әлем Кубогінде алтыннан алқа тағып келген сіздерді құттықтап отырмыз. Бұл біздің облыс пен қала үшін зор мақтаныш! Қазір облыс орталығында көпсалалы спорт кешенін салуды жоспарлап отырмыз. Біз спортшыларымызға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Жеңіс құтты болсын!», – деді облыс басшысы.
Semeynews.kz