Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Семейде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды қағып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға 21 қыркүйек күні сағат 07:50 шамасында Шәкәрім даңғылы бойында болды.

“Маршруттық автобустың 64 жастағы жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде оңға бұрылған кезде 53 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде дене жарақатын алған әйел ауруханаға жеткізілді”, — деп түсіндірді полицияда.

Аталған факті бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Semeynews.kz

Фото: policesemey

Осы айдарда

Back to top button