ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Риддерде жертөлеге құлап кеткен ер адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жертөлеге құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддерде құтқарушыларға хабарласқан әйел адам Спортивная көшесіндегі гараждың жертөлесіне күйеуінің құлап кеткенін айтып, көмек сұрады.

«Оқиға орнына №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Олар ер адамды жертөледен арқанмен шығарып алды. Дене жарақатын алған азамат бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар қандай да бір қиындыққа тап болған өңір жұртшылығына «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button