
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Үржар ауданының ПБ-ге 49 жастағы жергілікті тұрғын «сол жақ кеуде қуысының жаншылып-кесілген жарасы» диагнозымен жеткізілгені туралы медициналық мекемеден хабарлама келіп түсті.
Аталған қылмысты ашу үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «ізін суытпай» жәбірленушінің бұрын танысы ұсталды, ол жауап алу барысында кінәсін мойындаған.
2022 жылдың ақпан айында ШҚО-да таныстар арасында денсаулыққа ауыр зиян келтірудің тағы бірнеше жағдайы анықталды. Осыған ұқсас оқиғалардың басым бөлігі ішімдікке масаң күйдегі азаматтардың арасында орын алған. Бұған мысал ретінде Алтай ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты оқиға болды, ол адам мас күйінде Алтай қалалық ауруханасына көптеген жарақаттармен түскен. Тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға дене жарақаттарын салған оның 53 жастағы ағасы екенін анықтаған. Полиция бөліміне жеткізілген қаскөй, жауап ала барысында кінәсін мойындаған.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК – нің 106-бабы 1-бөлігі-денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған баптың санкциясымен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Semeynews.kz