ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

ШҚО-ның шекаралас аудандарын дамыту жобаларын жүзеге асыруға 43 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Шығыс Қазақстанға тән алыс қашықтықтар мен көші-қон процестерін ескере отырып, облыста Қытай Халық Республикасымен шекара бойында орналасқан бес шекара маңы ауданын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

5 жыл ішінде бағдарлама бойынша 231,5 млрд теңге көлемінде инвестиция жоспарланған. Өткен жылы жобаларды іске асыруға 43,6 млрд теңге бағытталды.

Облыс әкімдігінде шекара маңындағы аудандарды дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мәселен, Күршім ауданында агроөнеркәсіп кешенінің 35 жобасы бойынша несие берілді, оған 374 бас ірі қара мен 221 бас жылқы сатып алынды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 57 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Марқакөл ауылында «Нұралы» шаруа қожалығының базасында сүт өңдеу цехы ашылды, «Саят» шаруа қожалығының базасында сүт-тауар фермасы ғимаратының құрылысы аяқталды. «Бизнестің жол картасы-2025» аясында мал сатып алу, сүт өңдеу цехын ашу және айналым қаражатын 43 млн теңгеге толықтыру бойынша жобалар іске асырылды.

Ауданда үш азық-түлік дүкені ашылды. Көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын үймен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Осылайша, екі пәтерлі 10 тұрғын үй сатып алынды. Маралды ауылында су құбыры жүргізілді, ал төрт ауылда көше жарығы орнатылды.

Жолдарды орташа жөндеумен «Үлкен Нарын-Күршім», «Күршім-Қалжыр» автожолдары қамтылды. Марқакөл және Қалжыр ауылдарының көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Марқакөл ауылдық ауруханасының перзентханасы жабдықтармен жарақтандырылды. Бурабай ауылында ұзындығы 1 мың метр айналма канал мен арық жүйесі қалпына келтірілді, Бірлік ауылында ұзындығы 300 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.

Тарбағатай ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. «Елентай» кен орнына барлау жүргізілді, қуаты жылына 24 мың тонна бентонит ұнтақтарын өндіру жөніндегі зауыттың құрылысына құжаттама дайындалды. Таған кен орны игеріліп, 48 мың тонна бентонит балшығы өндірілді.

«Ниет» өңірлік бағдарламасы аясында ауданда құрылыс материалдарының саудасы бойынша қолданыстағы бизнес кеңейтілді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша екі грант берілді.

Ақжар ауылында сауда дүкені мен базар салынды. Көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 25 екі пәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Ақсуат ауылында сумен жабдықтау желілері салынды. Екі ауылда жастарға арналған шағын футбол алаңдары орнатылды. Маңырақ, Ойшілік, Көкжыра ауылдарына көше жарығы орнатылды. Қызыл кесік, Маңырақ, Көкжыра, Ойшілік ауылдарының көшелері абаттандырылып, тротуар төселді. «Құйған-жалаңаш» ауылдарына кіреберіс автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. Байтоғас және Қарасу ауылдарында шағын футбол алаңдары абаттандырылды. Қабанбай, Жаңаталап, Сарыөлең ауылдарының мектептерінде және Көкжыра ауылындағы балабақшада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ойшілік және Қабанбай ауылдарында ауылдық клубтар жөнделді.

Зайсан ауданында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 78 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. «Бизнестің жол картасы – 2025» шеңберінде ірі қара мал өсіру жөніндегі қызметті кеңейту, нан-тоқаш өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру бойынша бизнес-жобалар іске асырылды.
Үш сауда нысаны пайдалануға берілді. Аудан орталығында 60 пәтерлі тұрғын үй салынды, оған барлық инженерлік коммуникациялар тартылды. Зайсан қаласында екі пәтерлі 30 тұрғын үйге инженерлік желілер салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Зайсан қаласында көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 31 екі пәтерлі бір қабатты үй сатып алынды.

Бес ауылда суды тазарту үшін блокты-модульді станциялар орнатылған. Айнабұлақ, Дайыр және Қарабұлақ ауылдарында көше жарығы жүргізілді. Сондай-ақ, ауыл көшелерін жөндеу аяқталды. Зайсан қаласында балалар мен жастарға арналған ойын, спорт алаңдары орнатылып, аулалар абаттандырылды. «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар» автомобиль жолдары орташа жөндеумен қамтылды. Сонымен қатар, Зайсан қаласы мен Жамбыл ауылында екі мектеп жөнделді.

Катонқарағай ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 78 бірлік техника сатып алды. Агроөнеркәсіптік кешен саласында үш жоба іске асырылды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында үш жоба субсидияланды, жеті жоба кепілдендірілді, 104,6 млн теңге сомасында гранттар берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша пластик және ағаш бұйымдарын өндіру бойынша қызмет кеңейтілді, профлист өндіру бойынша цех ашылды. Сондай-ақ, Үлкен Нарын ауылында дүкен кеңейтіліп, Приморское ауылында дүкен ашылды.

Ауданда туризмді дамытуға баса назар аударылды. Мәселен, Өрел ауылында демалыс базалары, Берел ауылында дәмхана, Үлкен Нарын ауылында автожанармай құю станциясы салынды. «Ұзақ өмір сүруді оңалту орталығы» жұмыс істеп тұрған бизнесті және Катонқарағай ауылындағы Қонақ үйлерді кеңейтті. Сондай-ақ кәдесый цехы ашылды.

Жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі тұрғын үй салынды, инженерлік желілер тартылды, көп балалы отбасылар үшін 17 екі пәтерлі тұрғын үй сатып алынды.

Ақсу, Шыңғыстай, Аршаты, Солоновка ауылдарындағы су құбыры желілері мен құрылыстарына қайта жаңарту жүргізілді, Жамбыл ауылындағы су құбыры жөнделді, Свинчатка, Құндызды, Өрел ауылдарындағы суды тазартудың Блокты-модульді станциялары орнатылды.

Сондай-ақ, ауданда “Алтайэнерго” шағын ауданын және Үлкен Нарын ауылындағы 10 көппәтерлі тұрғын үйді абаттандыру аяқталды. Бес ауылда көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілді. Жолдарды орташа жөндеумен “Сөгір-барлық-Ақсу” автожолы, Топқайың, Өрел ауылдарындағы көшелер және Солоновка ауылындағы көпір қамтылды.

Үлкен Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухана ғимараты және басқа да ауылдық медициналық пункттер жөнделді. Балғын ауылындағы клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Мәдениет және демалыс орталығының ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Коробиха ауылы маңындағы Бұқтырма өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары, сондай-ақ Мальчат өзеніндегі арнаны тереңдете отырып, түзету жұмыстары жүргізілді.

Үржар ауданында, Алакөл көлінің жағалауында медициналық және полиция пунктерінің ғимараты салынды. “Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасы аясында Үржар ауылында балалар ойын орталығын ұйымдастыру, Ақжар ауылында жартылай фабрикаттар өндіру үшін 12,5 млн теңгеге төрт грант берілді. “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы бойынша алты жоба, атап айтқанда, туризмді дамыту бойынша екі жоба, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған төрт жоба іске асырылды.
Ауданда сегіз жаңа сауда нысаны ашылды, техникалық қызмет көрсету станциясы салынды.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында ауыл шаруашылығы техникасын, жаңбырлатқыш қондырғыларды сатып алу, асыл тұқымды мал сатып алу, бордақылау алаңын кеңейту бойынша сегіз бизнес-жоба іске асырылды.
Көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағы отбасылар үшін екі пәтерлі 26 тұрғын үй сатып алынды.

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Мақаншы ауылында су құбыры желілері қайта жаңартылды, Бақты, Ақжар, Жоғарғы Егінсу, Елтай, Шолпан ауылдарында су құбыры желілері салынды, Бұғыбай, Қызылбұлақ, Благодатный, Қарабұйрат ауылдарында және 2 шекара заставаларында (Подгорное, Шағантоғай) Блокты-модульді станциялар орнатылды.

Үш ауылда көше жөнделді, екі ауылда көше жарықтандырылды. Үржар ауылында «Болашақ» саябағы, бес ауылда шағын футбол алаңы, стрит-воркаут абаттандырылды. Таскескен және Қабанбай ауылдарында екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Таскескен ауылындағы колледж жатақханасының қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button