ШҚОҚоғамТОПШҚОЭкономика

ШҚО-да көтерме-тарату орталығының құрылысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешеді

Шығыс Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мен инфляция деңгейін тұрақтандыру мәселелері басты назарда. Бұл міндетті шешу үшін көтерме-тарату орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылы “Алтай” көтерме-тарату орталығы құрылысы аяқталады. Ол шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін делдалсыз саудаға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Жалпы, ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдау агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Тек осы жылдың өзінде Шығыс Қазақстанда 33 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 5,6 млрд теңге, мал шаруашылығына – 13,6 млрд теңге, қайта өңдеу саласына – 515,5 млн теңге берілді. Басқа бағыттарға бөлінген субсидия көлемі 13,1 млрд теңгеден асты.

Облыстың ауыл шаруашылығына 2020 жылға қарағанда 1,7 есе артық немесе 55 млрд теңге инвестиция салынды.

Биыл агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар ірі жобалары іске асырылды. Осылайша, «Жаңартау КЗ» ЖШС етті мал шаруашылығы бағытындағы жұмысты дамытуда. Жобаның құны 96,5 млн теңгені құрады. Бұл қаражат мал сатып алуға жұмсалды. Алтай ауданындағы «Саннұр Агро» ЖШС, Аягөз ауданындағы «Еркебұлан», «Қабанбай» шаруа қожалықтары, Бесқарағай ауданындағы «Қалиқанұлы», Жарма ауданындағы «Сарыбас», Күршім ауданындағы «Арын», Тарбағатай ауданындағы «Жәнібек», «Бастау», «Ықыбай», Абай ауданындағы «ARYSTAN» шаруа қожалықтары, сондай-ақ Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» ЖШС етті және сүтті бағыттағы ірі қара малдарын сатып алды. Жобалар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

«SEMEY QUS» ЖШС құс фабрикасы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 1, 2 және 3 санаттағы тауарлық жұмыртқа өндірісін бастады. Жыл басынан бері 8 млн. жұмыртқа өндіріледі. Жоспарланған екі ірі май экстракциялық зауыттардың ішінен қуаты 300 мың тонна «QazaqAstyqGroup» ЖШС пайдалануға берілді. Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы екінші комбинат «Altyn Shyghys» ЖШС жұмысы келесі жылы аяқталатын болады. Жобаларды іске қосу май-тұқымдарын өңдеу көлемін жылына 600 мың тоннаға, ал толық қуатқа шыққаннан кейін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«UrdzharAgroCompany» ЖШС, «Елімай Көкпекті» ЖШС, «Агрофирма Приречное» ЖШС, «Украинка» ЖШС, «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы 2,8 мың гектар алаңда суару жүйелерінің құрылысы бойынша 2,8 млрд теңгеге бес ірі жоба іске асырылды.

Ұлан ауданында «Көкжал» Ш/Қ, Тарбағатай ауданында «АсылАгро-7» ЖШС, «Мәуліт» Ш/Қ-да жеті мың бас ірі қара малға арналған үш бордақылау алаңының құрылысы аяқталуда. Тағы бір бордақылау алаңы Глубокое ауданының «Ертіс» ЖШС пайдалануға берілді.

Күршім ауданында «Саят» шаруа қожалығының 100 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды. Ал Бородулиха ауданының «Красный Партизан» шаруа қожалығында астық кептіру кешені салынды. Глубокое ауданында «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС өндірісінде майлы дақылдардың 20 мың тонналық астық қоймасы салынды, сондай-ақ қуаттылығы сағатына алты тоннадан басталатын құрама жем цехын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Кәсіпорындарды іске қосу өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын төрт есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button